Отбасы хрестоматиясы


1.3 by Otbasy Hrestomatiasy
2019年03月18日 历史版本

关于Отбасы хрестоматиясы

2017年zhyly “Otbasy hrestomatiyasy” қoғamdyққoryқұryldy。

2017 жылы «Отбасы хрестоматиясы» қоғамдық қоры құрылды. Қоғамдық қор, «Отбасы хрестоматиясы» сериясымен “Әлдиден эпосқа дейін”, “Салт-дәстүр сөйлейді”, “Сияр-Шәріп”, “Логотерапия немесе өмірге ғашық болу”, “Яссауи феномені”, “Өмірге ғашық болу” сынды кітаптарды жарыққа шығарды. Кітаптардың жалпы тиражы 50 мыңнан асады. Кітаптардың презентациясы Алматы, Астана, Шымкент, Атырау, Орал, Ақтау, Семей, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе, Талдықорған қалаларында өтті.

Қор Венадағы үшінші психотерапия мектебін қалыптастырған Виктор Франклдың Логотерапия еңбегін тұңғыш қазақ тіліне аударды. Осы еңбекті таныстыру мақсатында «Өмірге ғашық болу» тақырыбында түрлі лекциялар өтті. Әлемнің бірнеше елдерінде кеңінен қолданыс тапқан «экософия» идеясын алғаш болып қазақ аудиториясына таныстырды.

Экософия, әсіресе, әлемдегі туристік секторы дамыған елдерде танымал. Мысалы, 1964 жылы Тайланд, Малайзия, Сингапур, Индонезия елдерінде қолға алынып, қоршаған ортадағы жан-жануарды өлтірмеу, тиіспей жайлы киелі аңыздарды халыққа насихаттап бастайды. Арада 30-40 жыл өткенде, екі ұрпақ ауысқанда бұл елдерде табиғи түрде туризм секторы дамиды. Қоғамдық қор экософия идеясын дамыту арқылы қазақ қоғамында да жан-жануарға, табиғатқа тиіспейтін мәдениет қалыптастыруды көздейді. Осы мақсатта түрлі лекциялар ұйымдастырып, батыс қоғамындағы экософия принциптерін қазақ тіліне аударып келеді.

Қор өзіне тән ерекшелік ретінде қисса жанрын дәріптейді. Себебі бұл жанр 70 жыл СССР билігі тұсында қатаң цензураға ұшырап, халықтың санасынан өшуге айналған еді. Бірінші рет 2013 жылы қисса дәстүрін қайта тірілтіп, халыққа ұсынды. ХІІІ ғасырда өмір сүрген Рубғузидің «Қиссаc-ул әнбия» еңбегін қайта насихаттады. Қисса жанры бойынша 3 кітап шығарды. «Сакралды география» терминін де қазақ қоғамына алғаш таныстырғандардың бірі. 2013 жылы америка ғалымы Карен Армстронгтың еңбектерін ықшамдап аударып, «сакралды география» терминін әлеуметтік желілерде айналымға енгізді. Осы идеяның негізінде 2017 жылы «Яссауи феномені» деген кітапты жарыққа шығарды. Кітапта қазақ дүниетанымындағы сакралды ұғымдардың қалай пайда болғанын салыстырмалы анализ тәсілімен түсіндіреді.

Сонымен қатар, Қор қазіргі Батыс қоғамында өте танымал ғалымдардың идеялары, еңбектері, ғылыми жаңалықтарын қазақ қоғамына мүмкіндігінше таныстыруды жоспарлайды.

更多应用信息

最新版本

1.3

上传者

Anna Santoro

系统要求

Android 4.1+

举报

举报不当内容

更多

下载 APKPure App

可在安卓获取Отбасы хрестоматиясы的历史版本

下载

下载 APKPure App

可在安卓获取Отбасы хрестоматиясы的历史版本

下载

Отбасы хрестоматиясы相关应用

最新发现